Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатаң сөгіс жариялау ұсынылды

0
113
Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов. Photo: zakon.kz

Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов кәсіпкерлермен дөрекі сөйлескені үшін қатаң сөгіс алады. Бұл туралы Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Instagram парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, аймақтың бас санитар дәрігеріне қатысты іс Алматы облысының әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында қаралды.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға Сыдымановқа тәртіптік жаза ретінде қатаң сөгіс жариялау ұсынылған.

Айта кетейік, бұған дейін Талдықорған кәсіпкерлері облыстың бас санитар дәрігері қызметіне жаңадан кіріскен Ерғали Сыдымановтың әрекетіне қатысты наразылық білдірді.

Әлеуметтік желіде тараған видеода тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы кәсіпкердің сауда үйлерін, азық-түлік сатпайтын базарлар мен авто бөлшек дүкендеріндегі тыйымды алып тастау туралы өтінішіне дөрекі жауап берген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз