Алматыда ІІД өкілдері, қоғам қайраткерлері мен әкімдік қызметкерлері құқық қорғау органдарының жұмысындағы мәселелерді талқылады. Фигурист Денис Теннің өлімі аталған отырысқа түрткі болды. Бұл туралы informburo.kz хабарлайды.
“Бүгінгі күні Ішкі істер органдары қызметінің әлеуетіне қатысты мәселе күн тәртібінде тұр. Неліктен әр аймақтан келетіндердің 70 пайызы Алматыға емін-еркін ене алады, заңсыз ұрланған заттарды сату бизнес көзіне неге айналды, неліктен Алматыда ІІД қызметкерлері қызметінің әлеуеті төмен? Көп сұрақтар туындады, жауап алғымыз келеді, қоғам наразылық білдіруде”, – деген Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов, отырғандарға сауал жолдады.
Қоғам полиция қызметкерлерінің жұмысын сынға алып, Д. Тенге шабуыл жасаған қылмыскерлер ешкімінің назарына ілікпей, 500 метрдей емін-еркін жаяу жүргендерін алға тартты. Олардың кетіп бара жатқандары тек бейне бақылау камераларына ғана түскен.
“Ішкі істер департаментінің жұмысы өте төмен. Егер Денистің орнында қарапайым біреу болғанда, қоғамда мұндай резонанс туындамайтын да еді. Ал күдіктілерге қатысты: тұтқындалғандардың біреуі Алматыда ұрлық-қарлық жасамай, Астанаға сотқа баруы керек еді. Ал бұның себебі, заң осылай ғана әрекет ете алады “, – деген Қазақстан коммунистік халық партиясының Алматыдағы қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Алматы қоғамдық кеңесінің өкілі Әлібек Шәпенов заңды қайта қарау туралы ұсыныс тастады.
“Қылмыскерлерді бос қоюға болмайды. Екінші мәселе, жергілікті полицей қызметкерлерінің кәсіптік деңгейлеріне сай келмеуі”, – деген Ә. Шәпенов полицейлердің қарапайым мәдениеттері жоқтығын алға тартты.
Саясаткер, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Айдос Сарым Д. Теннің қазасынан кейін автокөлік құрал-жабдықтарын сатудың жай-күйін білу үшін арнайы құраммен Алматыдағы ірі базарларды аралап шыққандығын атап өтті.
“Жарты күннің ішінде біз автокөлік құрал-саймандарын сататын төрт базарды аралап шықтық. Біріншіден, бірде-бір басшылық жасайтын өкілдерді кездестірмедік, базар іші тазалық талаптарынан ада, базар қызметі мен қызметкерлерінің жұмысы бақылауға алынбаған. Кассалық аппараттар мүлдем жоқ, бұл өте күрделі кәсіп екендігін ескерсек, бір контейнердің өзінде 30-40 аккумулятордан сатады, бұл көлеңкелі кәсіп, себебі қаражат бюджетке бармайды. Екі базардан біз шетел азаматтарын кезіктірдік, ол азаматтардың ел аумағында қандай шаруамен жүргендігі, бақылауға алынған-алынбағандығы белгісіз. Бұл кәсіпті сату деңгейіне лайықтау қажет, барлығы анық әрі ресми түрде жүзеге асырылуы қажет”, – дейді А. Сарым.
Алматыдағы қоғамдық кеңестің жалпы отырысында кеңестің мүшесі Марат Шибұтов Алматы Ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып, 2017 жылы қалада 45 мың ұрлық-қарлық жасалғандығын, оның тек 4 мыңы ғана сотқа жеткізілгендігін, 38 мың қылмыс жауаптылары қолға түспегеннен кейін жабылып қалғандығын алға тартты.
Отырыс қорытындысы бойынша, қоғамдық кеңес мүшелері құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысын жолға қою үшін өз ұсыныстарын мәслихатқа жолдайды.
19 шілдеде Д. Тен өз көлігінің айнасын қолды етпек болғандардың қолынан қаза тапты. Пышақ жарақатын алған спортшыны құтқарып қалу мүмкін болмады. Қылмысқа қатысы бар деген екі күдікті ұсталды. Тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.
Сафина Саид