Алматыда суретшіге көпірге ілген плакаты үшін айыппұл салынды

0
124
әлеуметтік желіден алынған сурет

Алматылық суретші Роман Захаровқа бес айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ҚР Конституциясынан алынған мәтіні бар плакаттың Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы көпірде ілулі тұрғаны және осы себепті суретші Роман Захаровтың тұтқынға алынғаны хабарланған еді.

Алматы полициясы аталған факті бойынша былай дейді: “29 сәуірде сағат таңғы алтыда Жедел басқару орталығына азаматтардан әлдекімнің әл-Фараби даңғылы мен Достық көшесінде қағаз лақтырып жүргенін, таратпа материалдармен басқа да құралдар таратып жүргенін және осылай қоғамдық тәртіп бұзғаны туралы хабар келіп түсті”.

Оқиға орнына полиция жеткен. Полицияның хабарынша ер адам өзін салғырт ұстаған әрі өзінің құқық бұзушылық әрекетін тоқтатқысы келмеген.

Ақыр соңында Алматы қалалық әкімшілік соты Захаровты әкімшілік кодекстің 434 бабы 1 тармағына сәйкес айыпты деп тауып, бес сағатқа тұтқынға алу туралы шешім шығарды.

Бірнеше сағат өткеннен кейін Алматы қалалық сотында аталған іс бойынша аппеляциялық тыңдау өтіп, Захаровқа берілген жаза жұмсартылды. Яғни тұтқындалмайды, бес айлық есептік көрсеткіште – 12 626 теңге айыппұл төлейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз