Алматыдағы дүмпу туралы ТЖМ министрінің толық ақпараты: Премьер-министр ескерту жасады

0
29

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Алматыдағы жер сілкінісі бойынша ахуал қаралды.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, 23 қаңтар сағат 00:09-да Алматыдан 264 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болғанын мәлімдеді. Нәтижесінде Алматыда 5 балл, Шымкентте 2 балл, Жамбыл облысында 2-3 балл және Жетісу облысында 4 балл болып сезілген бірқатар сейсмикалық факті тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша ғимараттар мен құрылыстар қираған жоқ.

ТЖМ психологтарын тарта отырып, «жедел желі» телефондары ұйымдастырылған.

Енді құтқару бөлімшелерінің топтары және халықты хабардар ету жүйесі – толық дайындықта.

Сейсмикалық болжау комиссиясы Алматы аумағында күшті және жойқын жер сілкіністері күтілмейтінін айтты.

Алайда хабарламаларды дұрыс әрі уақытылы ала алмаған азаматтар, дүрбелеңге жол беріп, жарақат та алған.

«Қаза тапқандар жоқ, ауқымды зиян келмеді. Алайда зардап шеккендер бар. Уақытылы ақпарат алмаған адамдар нақты әрекетсіз дүрбелеңге жол берді. Олар 2, 3 қабаттардан секірген кезде зардап шекті. Бұл ескерту жүйелерін уақытылы қосып, халыққа мүмкіндігінше ертерек ақпарат беріп, хабарламалар жіберу қажет екенін көрсетті», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр барлық сейсмикалық қауіпті өңірде жаттығулар жиі өткізілуі керек екенін атап өтті.

«Халық іс-қимыл алгоритмін білуі керек», — деді Үкімет басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз