Алматыдағы марафонда бір жігіт бақилық болды

0
285
Сурет: Владимир Астапкович

Алматы қаласында өткен бірінші күзгі жартылай марафонда 18 жастағы жігіт қайтыс болды.

Алматыда жартылай марафонды өткізу кезінден жарысқа қатысушы астаналық 18 жастағы Максим Королев қайтыс болды. Жас жігіт Санкт-Петербор гуманитарлық кәсіподақтар университетінің Алматыдағы филиалының студенті болған. Максимге жанкүйер болып келген курстас достарының айтуынша, қайтыс болған жігіттің «күрес және жауынгерлік самбодан» Қазақстанның спорт шеберіне үміткер, кросстан қалалық спартакиаданың жүлдегері (1 орын) болғаны анықталды.

Куәгерлердің айтуынша, ол мәреге бір орам жақындап, Абай көшесімен жүгіріп келе жатқанда өзін нашар сезінген. ҚазАқпараттың мәліметі бойынша, сол жерге жеткен жедел жәрдем бригадасы үш минуттан соң жігіттің қайтыс болғанын мәлім етті. Дәрігерлер жігіттің неліктен көз жұмғанын сот-медициналық сараптама анықтайтынын жеткізді. Оның қорытындылары алдағы уақытта туыстарына хабарланады. Шара ұйымдастырушылары жігіттің туыстарына хабар беріп, көңіл айтты, ата-анасына Алматыға жетуіне көмектесті.

«Бірінші болу — батылдық» бірлескен қорының директоры Салтанат Қазыбаева жарыс кезінде ІІД қызметтері және жедел жәрдем стансасымен бірлесіп барлық бағдарлар қашанда мұқият қарастырылатынын айтты. Әрбір тамақтану орнында алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті позициялар орналастырылады. «Алайда осы қайғылы оқиғадан кейін біз спортшылардың жарысқа қатысу талаптарын күшейтеміз», — деді С.Қазыбаева.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз