Алматы – Бішкек бағытында жаңа әуе рейсі 20 маусымнан бастап ұша бастады.

Бішкек әуежайының ресми сайтының хабарлауынша,  рейстерді қырғызстандық “Авиа Траффик” әуе компаниясының ұшақтары орындайды. Осы бағыт бойынша рейс күн сайын орындалады деп жоспарланған.

Бұған дейін 23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан — Бішкек бағыты бойынша рейстер ашылғаны белгілі болды. Рейстерді FlyArystan лоукостері аптасына екі рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері орындайды.

Қазіргі уақытта Қазақстаннан Қырғызстанға аптасына сегіз рейс ұшады. Air Astana компаниясы Алматы — Бішкек бағыты бойынша аптасына сегіз рейс орындайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз