Алматылық тұрғын жанармай бағасының шарықтауына байланысты атпен жүруге көшті

0
97

Алматы қаласының тұрғыны бензин бағасының көтерілуіне байланысты қала ішінде атқа мініп жүруге  көшті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Instagram  желісіне салған видеосында  «Бензин қымбаттады. Енді жұмысқа атқа мініп баратын боламыз» деп жазып қалдырған. Бейнежазбадан қала ортасында ат тізгіндеп кетіп бара жатқан үш бірдей азаматты көре аласыз.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда елімізде бензин тапшылығы мен бензин бағасының тұрақсыздануы байқалуда. 17 қазанда ҚР Үкіметінің отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «бензин алдағы аптада қалыпқа келтіріледі және қараша айында Энергетика министрлігі отын бағасын төмендету мүмкіндіктерін қарастыратын болады», деп уәде берген болатын. Дегенмен араға екі күн салып энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев бензин бағасының қараша айының соңына дейін 165 теңгеге дейін көтерілетінін мәлімдеген болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз