«Алтын сапа 2018″ сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

0
435

Елордада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз-2018» конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

Биылғы жылы үздік кәсіпорын атағы үшін шағын, орта және ірі бизнестің 182 үміткері сайысқа түсті. Лауреаттар төрт номинация бойынша анықталды: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» және «Азық-түлік тауарларын немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын».

«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Алтын Сапа-2018» сыйлығының лауреаттары:

  • Ірі кәсіпкерлік субъектісі-«СемАз» ЖШС бас директоры Әсемқан Досқожанов (Шығыс Қазақстан облысы),

  • Орта кәсіпкерлік субъектісі – «ALUGAL» ЖШС негізін қалаушы Фатих Узуноглу (Алматы облысы),

  • Шағын кәсіпкерлік субъектісі-«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС директоры Валерий Крылов (Батыс Қазақстан облысы).

«Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»:

  • Ірі кәсіпкерлік субъектісі: «Радуга» ЖШС бас директоры Дмитрий Шарапаев (Солтүстік Қазақстан облысы)

  • Орта кәсіпкерлік субъектісі: «Бал Текстиль» ЖШС директоры Талғат Ысқақов (Түркістан облысы

  • Шағын кәсіпкерлік субъектісі: «Novacom Technology» ЖШС атқарушы директоры Марсель Абдраманов (Жамбыл облысы)

«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»:

  • Ірі кәсіпкерлік субъектісі: «МЫРЗА-ХАН» ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменов (Астана қ.)

  • Орта кәсіпкерлік субъектісі: «Теміржол көлігіндегі қазақстандық сертификаттау орталығы» ЖШС директоры Айдар Нығметов (Астана қ.)

  • Шағын кәсіпкерлік субъектісі: «БиКаДа» ЖШС бас директоры Асқар Бибаев (Маңғыстау облысы)

«Азық-түлік немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын»:

  • Ірі кәсіпкерлік субъектісі: «Рыбпром» ЖШС даму кеңесінің төрағасы Сұңғат Батырбеков (Алматы облысы)

  • Орта кәсіпкерлік субъектісі: «БИЖАН» ет өңдеу кешені» ЖШС бас директоры Хадиша Бижан (Алматы қ.)

  • Шағын кәсіпкерлік субъектісі: «Гормолзавод» ЖШС директоры Асен Жақсылықов (Ақмола облысы).

ҚР президентінің “Алтын сапа” сыйлығын “Үздік индустриялды жоба” аталымында мақта-мата өндіретін AZALA Textile компаниясы алды. 

Ал “Үздік инновациялық жоба” номинациясы бойынша президенттің сыйлығы KazTechInnovations компаниясына бұйырды. 

Бизнес жүргізуге жағдай жасаған үздік өңір ретінде Қызылорда облысы таңдалды. Ал үздік аудан атағын Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданы иеленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз