Қандай жүргізушілерге 40 мың теңге айыппұл салынады?

0
55
inbusiness.kz

Елімізде мемлекеттік нөмір алып үлгермеген жүргізушілерге 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. 

Қазақстан Республикасына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көлік құралдарын заңдастыру жүргізілді. Заңдастыру шеңберінде қазақстандық есепке барлығы 304 мыңнан астам автокөлік алынды. Оның 21 мыңы – қосалқы бөлшек ретінде кіргізілген темір тұлпар. Ал тағы 55 мың автокөлік уақытша есепке тіркелді.

“Заңдастыруды өтпеген шетелдік автокөліктерге келетін болсақ, олар техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда көзделген барлық төлемдерді төлеумен тіркеуге жатады. Бұл ретте, автокөлік иелеріне белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөліктерді қолдану үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз”, – деп түсіндірді ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев.

Айта кетейік, Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру өткен жылдың қаңтар айында басталған. Өтініштер 2023 жылдың шілде айына дейін қабылданып, жыл соңына дейін қаралды. Осы уақыт ішінде көлік иелері 200 мың теңге қайта өңдеу ақысын және тіркелу үшін аз мөлшерде төлем жасап, көлікті тіркей алатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз