Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысында кеңес төрағасы болып Марат Бәшімов сайланды, деп хабарлайды Kazaknews.kz.
Бұған дейін бұл қызметті “Егемен Қазақстан” республикалық газеті АҚ Басқарма Төрағасы Дархан Қыдырәлі атқарып, басқа лауазымға тағайындалуына байланысты өкілеттігін тоқтатқан еді.
Оқи отырыңыз: Дархан Қыдырәлі ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
Сонымен қатар, Марат Бәшімов кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы және Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарып жатыр.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды жемқорлыққа қарсы күрестен тыс қалмауға және жемқорлықтың барлық белгілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарлауға шақырды.