Шілденің 21 күні “Барыс-Арена” мұз айдыны кешенінде мәнерлеп сырғанаудан олимпиада жүлдегері Денис Тенді еске алып, гүл шоғын қою рәсімі өтті. Еске алуға Елорда халқымен қоса ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэсик, Жапония елшісі Итиро Кавабата және еліміздің белгілі спортшылары жиналды. Үнсіздікпен басталған рәсім еске алу сөздерімен жалғасты. Аза тұтқан Елорда жұрты гүл шоғын қойып тарқасты.