Астана мемлекеттік қызмет хабы Өзбекстанмен ынтымақтастығын арттыруда

0
91

Астана мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Икром Назаровпен кездесті.

Икром Назаров Астана хабын аймақтық және екіжақты ынтымақтастықты дамыту ісінде маңызды құрал ретінде атап өтіп, басқарушы комитет төрағасын Өзекстандағы мемлекеттік қызмет реформасына арналған халықаралық конференцияға қатысуға шақырды.

Алихан Байменов елш Хабтың қызметімен, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында инновациялық шешімдер мен аймақ елдерінің озық тәжірибелері туралы сараптамалық еңбектермен, мемлекеттік қызметті дамыту бойынша ғаламдық және аймақтық заманауи үдерістер туралы кең көлемді зерттеулер нәтижелерімен және басқа да бастамалармен таныстырды.

Кездесу барасында тараптар Хабтың Өзбекстан құзырлы мемлекеттік органдарымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз