Қоғамдық көлік жолақысының көтерілуіне байланысты Астана әкімдігі ұсынған қаулының жобасы Ашық НҚА сайтында жария талқылауға шығарылды.

Құжат бойынша қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 90 теңгеден 110 теңгеге дейін арттыру ұсынылған.

Қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленген болатын.

Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылғы наурыздан бастап тегін. Міндетті шарт – мектеп көлік картасының болуы және оны автобуста валидация жасау.

Төмендегі санаттарға жататын азаматтарға жеңілдік қарастырылған:

  1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
  2. жасы және еңбек еткен жылдары бойынша зейнетке шыққандар, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
  3. көпбалалы аналар;
  4. көпбалалы отбасылар;
  5. мүгедектер;
  6. он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).
  7. “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы” Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз