Астанада демалыс күндерді қайда өткізген жөн

0
86

Демалыс күндері, 25-26 қарашада елорда тұрғындары мен қонақтары бірқатар қызықты мәдени және спорттық іс-шараларға қатыса алады, деп хабарлайды Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі.

25-26 қараша «Жастар» сарайында сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін «Дәмді бал әлемі» атты көрме өтеді.

25-қараша «Дәулет» спорт кешенінде 11:00-ден бастап балалар теннисінен ашық турнир өтеді.

Сондай-ақ, 25-26 қараша «Алжир» мұражайында 10:00-ден 18:00-ге дейін ««АЛЖИР-де» тұтқында болған Белорус әйелдерін еске алу» атты көрме дәрісі өтеді.

Сонымен қоса демалыс күндері аталған мұражайда «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты слайд көрмесі өтеді.

25-қараша «Астана» концерт залында композитор Елена Абдыхалықованың «Көздеріңе ғашықпын» атты творчествалық кеші өтеді. Кеш 18:00-де басталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз