Астанада көкөніс құны арзандады

0
91
дереккөзден

Өткен аймен салыстырғанда қырыққабаттың бағасы 38%, картоп – 14% – ға, пияз – 6,3%-ға төмендеген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қызметкерлері баға мониторингін тұрақты жүргізеді.

«Баға төмендеуі негізінен биылғы өнімді жинауға тікелей байланысты. Мысалы, картоп, пияз және қырыққабаттың көтерме бағасы 2 есеге төмендеді», – деп хабарланады ресми ақпаратта.

Ведомствоның ақпараты бойынша, тұрақтандыру қорынан жыл басынан бері 300 тонна картоп, 339 тонна қант, 254 тонна күріш, 260 тонна қарақұмық жұмсалған.

Сарапшылардың пікірінше қалған позициялар бойынша да бағалар төмендеуі тиіс.

Маусым айынан бастап, кесте бойынша дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі жүргізіледі.

Мәселен, осы кезге дейін Түркістан және Қарағанды облыстарының қатысуымен3 жәрмеңке өткізілген, онда 900 тоннадан астам өнім сатылған, ең алдымен, ет және сүт өнімдері және көкөніс пен жеміс.

4-5 тамыз күндері Жамбыл облысының жәрмеңкесі өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз