Астанада әлеуметтік аз қамтылған отбасылар туралы цифрлық база құрылды

0
115
дереккөзден

Астана әкімдігі бүгінгі таңда дерекқор базасында әлеуметтік аз қамтылған 10 095 отбасы тіркелгенін хабарлады.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың сөзінше бұл әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласының цифрландыру бөлігі. Аталмыш дерекқор қала әкімдігіне көмекке мұқтаж отбасылар және оның қажеттіліктері туралы ақпаратты біліп отыруға мүмкіндік береді және атаулы әлеуметтік көмекті неғұрлым тиімді көрсетуге сеп болады. «Біз бұл дерек қорына 32 ақпараттық дереккөзді топтастырдық. Мемлекеттік және жеке базаларды біріктірдік. Ол ақпараттар дереккөз базасын толықтырып бізге әр отбасы туралы толық мәлімет береді», – дейді әкімнің орынбасары.

М. Бектұрова дереккөз қорында ақпаратты іріктеуге болатынын алға тартады. Онда атаулы әлеуметтік көмек алуға болатын көпбалалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар және отбасында мүмкіндігі шектеулі  жаны бар отбасылар туралы ақпарат көрсетіледі. Айдың басынан бастап бұл базаны жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері, аудандық әкімдіктер, мектеп, полиция учаскелік инспекторлары пайдалануда.

«Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының, аудандық әкімдіктер, мектеп қызметкерлері, полицияның учаскелік инспекторлары отбасы мүшесінің кез келгенінің ЖСН енгізіп, балалардың ата-анасы қайда жұмыс істейді, балалар қайда оқиды, отбасы қандай жәрдемақы алады, қандай мүлік иеленеді, олардың тұрғын үй жағдайының қандай екендігіне қатысты толық ақпарат алады. Бұл қалалық әкімдікке қай отбасының қандай көмекке мұқтаж екендігіне қатысты нақты ақпаратты көруге мүмкіндік береді. Бұл база үнемі толықтырылып отырады. Біз көпбалалы, аз қамтылған отбасылармен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін қосымша әзірледік. Әр қызметкер белгілі бір отбасыға қатысты ақпаратты толықтыра алады», – деп түсіндірді М.Бектұрова.

Астана қаласы әкімдігінің ақпарына сәйкес базада отбасының қазіргі қажеттіліктері және ол мәселелер қалай шешіліп жатқаны да көрсетіледі.

“Егер үй пешпен жылытылатын болса, ол үйде улы газ тетігі (датчик) орнатылмаса, біз тетіктер орнатамыз. Балалармен әлеуметтік педагог жұмыс жасай ма, олар өздеріне бағытталған кеңсе заттарын ала ма, бала мектепке дайын ба осының бәрін анық білетін боламыз. Біз олардың өздеріне тиесілі көмекті алдып отыр ма, жоқ па және азаматтардың жеке өтініш-шағымын көріп отыратын боламыз. Мысалы, ол адам жергілікті атқарушы органдарға өтініш немесе арыз жазды ма, жазса ол қалай шешілуде? Осының бәрін қадағалап отырамыз», – дейді М.Бектұрова.

Бектұрова бүгінгі таңда дерек қор базасында 10 095 отбасы тіркелгенін атап өтті.

«Астанада көші-қон процесі қарқынды болғандықтан, біз жоғарыда аталған базаға барлығын жинадық деп айта алмаймыз. Сол себепті  база әр қашан толықтырылып отырады. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен жұмыс жасайтын қызметкерлер әлеуметтік жағдайы нашар басқа да отбасы туралы жазба қалдыруына мүмкіндігі бар. Біз дереккөз базасын кеңейтуді ойластырып отырмыз. Біріншіден, ол әкімдікке қажет, әкімдік кіммен жұмыс жасап жатқанын, қандай мәселелер барын, оларды қалай шешу керектігін білуіміз қажет», – дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз