Астана қаласының әкімдігі түнгі маршруттардың тоқтатылғандығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
2017 жылдың 1 қарашасынан түнгі № 200, 201 экспресс бағдарлардың жұмысы жолаушылар легінің төмендігіне және сұраныстың аздығына байланысты тоқтатылады.
Аталған экспресс бағдарлардың көктем-жаз мезгілінде қайта жүргізілуі тиісті саралаудан кейін қарастырылатын болады.