Астанада аяз 35 градустан жоғары, бет қариды, ызғырық боран да боратып тұр. Қатты аязда қала халқы бір-біріне қол ұшын созуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Орталық 180 адамға есептелген, ал тағы 50 орыны – түнгі бөлім. Ол жерде жай ғана түнеп шығуға болады. «Ауа райы жағдайына байланысты біз 300 адамды қабылдай аламыз. Қазір 244 адам орталықтың қызметін алуда, оның ішінде 220-сі қазіргі таңда орталықта болса, 24-і –ауруханаларда. Соңғы күндері 4-6 ақпан аралығында бізге 38 адам келіп түсті», – дейді орталық директорының орынбасары Динара Шаймерденова.
Ресоциализация орталығында әлеуметтік патруль жұмыс істейді, ол алдын ала полиция бекеттері мен ПИК-ке қоңырау шалып, қаладан үйсіздерді іздестіреді. Мобильді қызмет бүгінде күшейтілген тәртіпке көшті және 10.30-дан 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
«Суық қыс мезгілі басталды. Осыған байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар дереу шұғыл желіге қоңырау шала алатынын естеріңізге саламыз. Байланыс телефондары: 53-16-48, 53-17-91, эл.пошта: centr_08_01@mail.ru, сайт: Pomosh01.kz ескерту. Мекенжайы: Астана қаласы, Чехоев көшесі, 14а», – делінген Ресоциализация орталығының хабарламасында. Астана мешіттері «Астана – мейірімді қала» қайырымдылық акциясын жалғастыруда: мұқтаж отбасыларға көмір мен азық-түлік береді, жол жұмысшыларына, құрылысшыларға, көше тазалаушыларға ыстық тамақ пен шай таратады, сондай-ақ аялдамада тұрған адамдардың діттеген мекенжайларына жетуге көмектеседі.
«Нұр Астана» мешітінің дін қызметкерлері мен келушілері бірігіп, көмекке мұқтаж жандарға арналған 18 «тегін такси» көлігін ұйымдастырды.
Бұл бастаманы ірі және шағын бизнес өкілдері де қолдады. Тегін шай тарату акциясын Asia Park СОО жариялады. «Ыстық шаймен жылытамыз. Өз туыстарыңызды және достарыңызды белгілеп өтіңіз. Мүмкін олар қазіргі уақытта аялдамаларда немесе Asia Park СОО жанында тоңып тұрған болар. Сіздерді 1-ші қабатта орталық кіреберістің жанында күтеміз!», – мұндай шақыру СОО-ның Instagram-дағы парақшасында жарияланған.
«Астана» ӘКК, «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасының операторы Facebook парақшасында көше саудагерлері туралы хабарлайды. Мысалы, кәсіпкер Сиявуш Таиров өзінің екі павильонында фастфудпен шай ұсынады (Ақбұғы көшесі, 5/1 және І. Есенберлин көшесі, 23).
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде «аязды күні тегін алып кет!» акциясы белең алды. «Бүгін түнде менің машинам қызбай қойды. Бірақ көршілерге рахмет ! Қиын жағдайға тап болғанымда қол ұшын созды», – деп жазады пайдаланушы Жомарт Әмірханов Facebook-тегі «Астана мақтағым келеді/шағымданғым келеді» тобында.
«Мейірімділік тізбегін жалғастырып, осы аязды күндері біреуге көмектескім келеді. Мен машинаны қыздыра аламын, мекенжай мен телефон нөміріңізді жазып қалдырыңыз. Мен сол жағалауда тұрамын. Осы топтағы адамдарды қайырымдылық шарасына қосылуға шақырамын. Бір-бірімізге қамқорлық танытайық». Осы сынды жазбалар өте көп. Көмектесуге ниет білдіргендер мен сол көмекті қабыл алғандарды көптеп кездестіруге болады. #ЖақсылықЖаса және #ДелайДоброАл кәсіпкер Виллаят Каримов Петров көшесі, 1 мекенжайы бойынша шағын донерлік үйде шай дайындайды.