Ауғанстаннан 35 қазақ атамекеніне оралды

0
185

Бейсенбі, 9 қыркүйек күні кешке Алматы әуежайына қонған Қазақстан қарулы күштерінің арнайы ұшағы Ауғанстаннан 41 жолаушыны жеткізді. Ресми ақпаратқа қарағанда елге келгендердің арасында ұлты қазақ 35 адам бары айтылған. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

“Келген жолаушылар карантиннен өту үшін уақытша оқшауланады. Эвакуациялық рейсті ұйымдастыру “Талибан”*  қозғалысымен үйлестіріліп жүзеге асырылды” деп хабарлады СІМ.

Шетелдік қазақтармен бірге Ауғанстаннан Алматыға 4 қазақстандық, Қырғызстанның 1 азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын 1 ауған жеткізілген. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, ұшақпен келгендердің бірі БҰҰ қызметкері.

Айта кетейік, 18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан өзінің 25 азаматын және Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын эвакуациялады. Бұдан басқа, Алматыға Кабулдан, Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясы (UNAMA) және басқа да халықаралық ұйымдардың кеңселері уақытша көшірілді.

* Қазақстан және өзге елдерде террористік ұйым деп танылған

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз