Қазақстанның 3 аймағында республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.
Жамбыл облысында — 1 учаске
«Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 159-238 шақырым аралығы, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін — 79 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне арналады (екпінді жел, қар аралас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс).
Батыс Қазақстан облысында — 1 учаске
«Самара-Шымкент» жолының 266-393 шақырымы, Подстепное ауылынан Жымпиты ауылына дейін — 127 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлікке арналған.
Солтүстік Қазақстан облысында — 1 учаске
«Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» жолының 62-228 шақырым аралығы, Возвышенка ауылынан Рощинское ауылына дейін — 166 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне салынған (бұрқасын, шектеулі көрініс).