Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің Қазақстан атауын өзгерту туралы ұсынысына пікір білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат отырысында “Қазақстан” атауын “Қазақ Республикасы” деп өзгерту керек деген ұсынысқа пікір білдіріп “Бізде “Қазақастан” деген атау бар. Бұл біз үшін жеткілікті. Болды, жетеді. Не үшін керек ол? Мемлекеттің атауы – Қазақстан Республикасы болып қалуы тиіс. Президентіміз Қазақстан Республикасының атынан көптеген халықаралық келісімшарттар жасады. Қазақстан атауын қайта өзгертуге ешқандай себеп те, негіз де жоқ. Бізде басқа да мәселе жетіп жатыр”, деп айтты.
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев “Қазақстан” атауын “Қазақ Республикасы” деп қатар атауды ұсынған болатын.
Азат Перуашевтың Премьер – министр атына жолдаған депутаттық сауалында «Қазақ республикасы» атауын қайтару мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Негізінде мұндай бастаманы бес жыл бұрын «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасын талқылау барысында Нұрсұлтан Назарбаев көтерген еді. Елбасының ұстанымын жүзеге асыратын уақыт келді деп ойлаймын. Қараны – қара, ақты – ақ, қазақты – қазақ деп өз атымен атауымыз керек. Республикаға тоталитарлық биліктің өзі мойындаған байырғы «Қазақ» деген атауын қайтару тарихи әділдікті орнатып қана қоймай, біздегі әртүрлі ұлт өкілінің бірлігі мен достығының нығаюына әсер етеді», делінген.