Жүргізуші куәлігі немесе жеке куәлік үшін суретке түсу қазір талап етілмейді, алайда 3×4 фотосуретіне қажеттілік әлі де бар. Қараша айында фотографтардың бұл қызметі орта есеппен 561 теңгеден болды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бұл өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда 15%-ға көп.
Өңірлік бөліністе ең жоғары баға Жезқазған қаласында болды – 800 тг.
Сонымен қатар құжатқа арналған фото Атырау (707 тг), Қызылорда (667 тг) және Астана (641 тг) қалаларының тұрғындары үшін қымбатырақ.
3*4 суретіне түсу ақтөбеліктерде ең арзан болып шықты – 378 тг.