Қазақстанда қазақтар саны 80 мың адамға көбейді

0
489
Photo: Vlast.kz

Қазақстанда бір жыл ішінде қазақтардың үлесі 0,6 пайызға (80 мың адам) өсіп, 2022 жылдың басында 69,59 пайызға жеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының жыл сайынғы бюллетеніне сілтеме жасап “Власть” сайты хабарлады. 

Елде қазақтардың жалпы саны 13,3 млн адам болды.

Мәліметке қарағанда, Тәуелсіздік жылдары республикада қазақтардың саны жуықтап алғанда екі есеге өсіп (Совет одағында 1989 жылы жүргізілген халық санағы бойынша 39,7%), 69,59 пайызға жеткен.

Бүгінде бес аймақта қазақтардың үлесі 80 пайыздан көп: Нұр-Сұлтан (81,08%), Ақтөбе облысы (84,29%), Маңғыстау облысы (91,57%), Атырау облысы (93,01%) және Қызылорда облысы (96,54%). Солтүстік Қазақстаннан басқа аймақтардың барлығында-дерлік қазақтардың үлесі басым. Солтүстік Қазақстанда орыстардың үлесі (49 пайызы – орыстар, 35 пайызы – қазақтар) көбірек.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, былтыр тағы бірнеше этностың үлесі артқан. Атап айтқанда, бір жылда өзбектер 17,6 мыңға көбейіп, 637,9 мыңға жеткен. Этнос құрамы жағынан өзбектер үшінші орында тұр. Олар көбіне Түркістан облысы мен Шымкентке шоғырланған.

Ұйғырлар бір жылда 4,2 мыңға көбейіп, 283,1 мыңға жеткен. Әзербайжан (116,7 мың), түрік (116,2 мың), дүнген ( 78,2 мың), тәжіктердің (53,4 мың) де үлесі артқан.  Қазақстанда орыстар саны бір жылда 48,5 мыңға азайған, қазір елде 3 млн 430 мың орыс тұрады. Қазір олардың үлесі жалпы халықтың 17,94 пайызына тең.

Қазақстанда соңғы жылда украиндардың үлесі азайған. Қазір елде 247 мың украин бар.

Былтыр 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағыныңалғашқы нәтижесі бойынша, Қазақстан халқы 19 169 550 адамға жеткен. Ол кезде қазақтардың үлесі 70,18 пайызға жеткені айтылған еді.

2009 жылғы халық санағында қазақтардың үлесі 63,1 пайыз болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз