Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерді клиенттерге берілген несиелер туралы, соның ішінде жарнама туралы толық ақпарат беруге міндеттеуге бағытталған қаулы жобасын әзірледі. Құжат Нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды. 

«Қаулы жобасы бекітілген жағдайда банк қызметтерін ұсыну және клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларына түзетулер енгізуге тиіс. Банктік қарыз және салымдар бойынша сыйақы мөлшері көрсетілген жағдайда, шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемелері (нақты құны) банктік қарыздар мен салымдардың жарнамасында (банк аралықты қоспағанда) көрсетілу керек. Сыйақы мөлшері және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, банктік қарызбен салымның әр түрі бойынша жоғарғы және төменгі диапазонды ескере отырып көрсету міндеттелді» – делінген порталда. 

Тұтынушының берешегі болған кезде банктер ол туралы тұрғылықты жері бойынша хатпен, SMS, push-хабарламалар арқылы немесе мобильді қосымша арқылы хабардар етуге міндетті. Ислам банктері үшін исламдық қаржы қағидаттарына сәйкес келетін басқа тәсілдерге жол беріледі. Сондай-ақ, құжатта банктер мерзімі өткен берешекті жұмыс күндері таңғы 8:00-ден 21:00-ге дейін және демалыс күндері 9:00-ден 19:00-ге дейін қарыз алушының тұрғылықты жері бойынша немесе банк бөлімшесінде өндіріп алуға тырысуы мүмкін, бірақ күніне үш реттен көп емес. Осы уақытқа дейін мұндай ережелер тек коллекторлық агенттіктер үшін белгіленді.

Қарыз алушы банкке шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінген жағдайда, банк қарыз алушының жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған банктік қарыз шартын өзгерту талаптарын қарайды.

«Банк немесе МҚҰ берешекті қайта құрылымдау кезінде оның бір бөлігін жедел өтеуді талап ете алмайтындығы жеке атап өтіледі. Қазір көптеген несие берушілер алғашқы төлем ретінде қарыз сомасының 20-30% алады. Егер қарыз алушы өтініш берген сәттен бастап 30 күн ішінде уағдаласу мүмкін болмаса, шарттар өзгеріссіз қалады» – делінген құжатта. 

Кейінгі айларда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және басқа да мамандандырылған ведомстволар қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бастамаларды бірнеше рет көтерді.

Halyk Finance хабарлауынша, Қазақстан экономиканы әртараптандыру мен ақша-несие саясатының тиімділігі бойынша көптеген дамушы елден артта қалып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз