Қазақстанда барлық мешіт ауласында жұма намазын оқуға рұқсат етілді

0
713

Қазақстанда осы аптада барлық мешіт ауласында жұма намазы оқылады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.

“Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес осы аптада еліміздің барлық мешітінің ауласында жұма намазын оқуға рұқсат берілді”- делінген хабарламада.

Осыған дейін, ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдіктің бесеуінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған еді. Жаңа қаулы бойынша енді елдің барлық өңірінде жұма намазы мешіт ауласында оқылады.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы:

Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде “жұма намазы”, күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады”.

Сондай-ақ діни мекемелерге кіргенде міндетті түрде бетперде тағу шарт.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз