Қазақстанда биыл халық санағы қазан айында өтеді

0
359

2021 жылы Қазақстанда онлайн және үйді аралау арқылы екі жолмен халық санағы өтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

“Президент жанындағы реформа жөніндегі жоғары кеңестің шешіміне сәйкес, халық санағы биыл өткізіледі, – деді Қайрат Келімбетов.

Оның айтуынша, азаматтар туралы деректер екі жолмен жиналады.

  • Бірінші әдіс – арнайы sanaq.gov.kz сайтында интернет сауалнама жүргізу арқылы. Бұл, вирутал көмекшінің көмегімен өзіне және отбасы мүшелеріне санақ парақшаларын толтыруға мүмкіндік береді.
  • Екіншісі – санитарлық нормаларды сақтай отырып үй-үйді аралау. Дәстүрлі формат онлайн режимде санаққа қатыспаған тұрғындар үшін қолданылады.

“Халық санағын жүргізетін қызметкерлер үй-үйді аралау кезінде электронды планшет пайдаланады. Кейін барлық техника сол өңірдегі мектептерге беріледі. Үй-үйді аралау 1-30 қазан аралығында жүргізіледі”, – деді Келімбетов.

Халық санағын жүргізу мақсатында арнайы комиссия құрылады. Оған премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов төрағалық етеді. Арнайы комиссияның алғашқы отырысы 10 ақпанда өткізеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз