Қазақстанда ең қымбат су құны қай қалада

0
3,036
дереккөзден

Қазақстанда суық суға ең қымбат баға – Қарағандыда. Ең арзан баға Тараз, Астана және Орал қалаларында.

“Хабар-24” ақпарына сәйкес, Таразда судың кубметріне 41 теңге төлейді. Мың литр судың құны елордада 46 теңге, Оралда – 47 теңге. Ал Қарағандыда сумен қамтамасыз ету қызметінің құны жоғары. Судың кубметріне қалалықтар 110 теңге төлейді. Сондай-ақ, Атырау, Шымкент, Қостанай қалаларында да су тарифі жоғары.

Қазақстан қалаларында суық судың бағасы қанша:

Тараз – 41 теңге, Астана – 46 теңге, Орал- 47 теңге, Семей – 50 теңге, Қызылорда – 54 теңге, Талдықорған – 60 теңге, Петропавловск – 69 теңге, Көкшетау – 78 теңге, Ақтөбе – 82 теңге, Ақтау – 85 теңге, Қостанай – 95 теңге, Атырау – 97 теңге, Шымкент – 97 теңге Қарағанды – 110 теңге.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз