Қазақстанда екінші деңгейлі банк мобильді қосымшаларының рейтингі жарияланды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Google Play-мен App Store-дағы ең танымал мобильді қосымша – Kaspi.kz. 

Мобильді банкинг — елдегі ең маңызды және танымал банк қызметінің бірі. Бүгінде қазақстандықтар банктердің қаржылай және қаржылай емес қызметін күн сайын пайдаланады, бұл үшін мобильді қосымшалар керек.

Аталған рейтингті жасау үшін SimilarWeb қызметі пайдаланылған.

Былтыр Google Play-дегі ең танымал мобильді қосымша Kaspi.kz сайтындағы «Kaspi.kz суперқолданбасы» болды.

Екінші орында Halyk Bank-тың Halyk Kazakhstan қолданбасы. Үздік үштікті Отбасы банкінің Otbasy bank қосымшасы толықтырып отыр.

Үздік бестікке Kaspi.kz-тің Kaspi Pay және ЦентрКредит банкінен BCC.KZ кірді.

App Store дүкеніндегі жағдай өте ұқсас. Бірінші орында «Kaspi.kz суперқолданбасы». Екінші орында Halyk Kazakhstan мобильді қосымшасы болса, Otbasy bank үздік үштікті толықтырып тұр.

App Store бойынша:

төртінші орында — BCC.KZ;
бесінші орында — Jusan;
алтыншы орында — Forte;
жетінші орында — «Home Credit Bank — банк онлайн»;
сегізінші орында — Kaspi Pay;
тоғызыншы орында — «БЖЗҚ»;
оныншы орында — «Smartbank. Еуразиялық банк».

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз