Қазақстанда ет қымбаттады

0
390

Қазақстанда бір жылдың ішінде еттің бағасы айтарлықтай қымбаттаған. Бұл туралы Energyprom.kz порталы хабарлады.

Әсіресе, тауықтың сан етінің бағасы 19,3 пайызға көтерілген. Қазір сан еттің келісі 822,6 теңгеден сатылып жатыр. Ал, тауық еті жыл басынан бері 18,6 пайызға қымбаттап, 897,9 теңгеге жетті.

Қой еті 16,8 пайызға қымбаттап, 1676 теңгеден саудаланып жатыр. Сиыр еті 15,1 пайызға қымбаттап, бағасы 1748 теңгені құрады. Талдаушылардың есебіне сүйенсек, жылдың соңғы тоқсанында ет пен ет өнімдерін тұтыну 1,8 пайызға азайып кеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз