Қазақстанда автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру қызметі техникалық ақауларға байланысты уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті хабарлады.
“Техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚКО мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімшелерінде көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша қызметтер уақытша тоқтатылды”, – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері қолайсыздық үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.