Елімізде жаздың алғашқы айында 65 адам суға батып кетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.
Маусым айында суға батып кеткен 65 адамның 28 – і балалар болған. Мамандар балаларды қараусыз қалдырмауға, су айдындарында шомылудың қауіпсіздігін қадағалауға кеңес береді.
Сонымен қатар, құтқарушылар қауіпсіздік шараларын бұзбауға және тыйым салынған жерлерде шомылмауға шақырады.