Қазақстанда мектеп оқушыларына хиджаб киюге бола ма?

0
441
фото: ult.kz / хиджабтағы оқушы

Мемлекеттік және жеке меншік мектептерде хиджаб кию ел заңына қайшы келеді. Бұл туралы 7 қыркүйекте орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов айтты.

“Білім министрінің 2016 жылғы бұйрығына сәйкес, мектеп формасына қойылатын талаптары, оқыту стандарты бар. Сонымен қатар біздің елдің азаматтары осы бұйрықты және жалпы еліміздің заңдарын сақтауы тиіс”, – деп атап өтті Ержан Нүкежанов.

Нүкежанов ел Конституциясында Қазақстанның зайырлы мемлекет екені нақты жазылғанын еске салды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз