Қазақстанда нефрологтар жетіспейді: Бүйрек ауруын енді кімдер емдейді?

0
64
photo: Pixabay

Мемлекеттік ауруханаларда кейінгі кездері бүйрек ауруын емдейтін маман тапшылығы байқалып жатыр. Олардың көбі жекеменшік ұйымдарға өтіп кеткен. Бұл туралы Kazaknews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі таңда диализ орталықтарының 90%-ға жуығы жекеменшік. Тиісінше науқастар да емді мемлекеттік емес, жекеменшік ұйымнан алуға мәжбүр. Ал бұндай мекемелердің көрсететін қызметінің сапасын бақылау мүмкін емес.

Осыған байланысты Қазақстанда нефрологиялық қызмет көрсету стандартын қайта қарау ұсынылды. Елде созылмалы бүйрек ауруы бар науқастардың саны артып келеді. Сарапшылардың сөзінше, емханаларда нефрологтар жетіспейді, тиісті скринингтік бағдарлама жоқ.

Қызылорда облысының 33 жастағы тұрғыны Мұрат Батырбек 3 жылдан бері гемодиализ қабылдап келеді. Ол бүйрек қызметін атқаратын аппаратқа аптасына үш рет қосылады. Процедураны арнайы орталықта қабылдайды. Биыл жазда осындай ем-шаралардың бірінен кейін ер адамның денесінде үлкен жаралар пайда болған. Салдарынан науқас облыстық ауруханаға жатып емделуге мәжбүр болыпты. Мұрат Батырбектің айтуынша, гемодиализ орталығы, суды тазарту сапасына қойылатын талаптарды сақтамауынан денесінде бөртпе пайда болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 2040 жылы бүйрек аурулары өлім-жітімге әкелетін төрт сырқаттың бірі болады. Ал дәрігерлердің сөзінше, Қазақстанда қазірдің өзінде нефрологтар жетіспейді. Сондықтан ауруды ерте анықтау ісі кенжелеп тұр. Бүгінде бүйрегі ауыратын адамдарды жалпы тәжірибелік дәрігерлер бақылайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз