Қазақстанда орташа зейнетақы сомасы 109 156 теңге – Министрлік

0
155

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылдың 1 тамызындағы статистика бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 156 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Осы жылдың 7 айында қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленген. 2022 жылғы шілдеде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 243,3 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 73,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 169,4 млрд теңге бөлінген.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 247 мың адам.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз