Қазақстанда қанша шетелдік компания және шетелдік азамат жұмыс істейді?

0
26

1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 534 шетел азаматы еңбек етуде.

Ал, Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 24,2 мыңнан астам шетелдік компания жұмыс істеген.

Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 515 рұқсат (бірінші санат),
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 717 рұқсат (екінші санат).
  • үшінші (мамандар) 6 332 адам
  • төртінші (білікті жұмысшылар) 680 адам

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 897 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 393 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдікке 1 529 жұмыс беруші бар. Оларда 471,7 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,9% – ы.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 944 адам (27,8%), Өзбекстан – 1 714 адам (12,1%), Үндістан – 1 326 адам (9,3%), Түркия – 1 288 адам (9,1%).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз