Қазақстандағы ең арзан жалдамалы пәтердің құны қанша?

0
115
Сурет: Huff Post UK

Ішінде жиһазы бар 1 бөлмелі жайлы пәтерлерді елордада айына 80 мың теңгеге жалдауға болады. Бұл ең қолжетімді баға. Ал ең жоғары баға 150 мың мен 220 мың теңге аралығында. 

Пәтер бағасы бойынша ең қымбат баға Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі. Екінші орында Алматы қаласы келеді. Ондағы жалдаушылар баспанасы үшін айына кем дегенде 65 мың, ал көп дегенде 185 мың теңге алады екен.

– Ал өңірлердегі баға қандай? Ірі шаһарлардан айырмашылығы қаншалықты байқалады?

24.kz хабарлауынша, облыс орталықтарында баға әлдеқайда төмен, бірақ таңдау да көп емес. Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігін, батысы мен шығысын салыстыра келе, соңғысында жалға берілетін пәтерлердің көптігі байқалды. Бір қызығы, ондағы баға өзге облыстардағы орташа жалдамалы пәтер құнынан төмен болып шықты. Мәселен, Өскемендегі ең арзан жалдамалы пәтер құны айына небәрі 40 мың теңгеге шығады. Ал, ең қымбаты 90 мың тг.

Петропавлда қала орталығындағы пәтерді айына 55 мың мен 70 мың теңге аралығында жалдауға болады. Оралдағы жалдамалы пәтер құны айына кем дегенде 55 мың теңге. Шымкенттегі баға саясаты да соңғысына жақын. Бірақ, жергілікті хабарландыру сайттарында кейбір арендаторлар бір бөлмелі пәтерін 110 мың теңгеге ұсынады.

АЭФ-2019 аясындағы панельдік сессияда “Бәйтерек” ҰБХ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев цифрландырудың еліміздегі басқа салаларға әсері туралы айтып берді. “Сарапшылар болжамы бойынша 2025 жылға қарай Қазақстанда интернетке қосылған 100 миллионға жуық құрылғы болады, бұл өз кезегінде ұялы байланыс нарығына қарағанда 3,5 артық. Алдағы 6 жылда осы нарықтың көлемі елімізде 250 млн долларға жетеді”, – деді ол.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз