Қазақстандағы ең биік ғимараттың құрылысы қашан аяқталады?

0
252

12 қаңтар күні Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов «Абy-Даби Плаза» құрылысымен танысты. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады. 20 желтоқсан күні ғимараттың 82 пайызы аяқталғаны туралы хабарланған. Бүгінде барлық бөліктерінде құрылыс жалғасып жатыр.

Құрылысқа жауапты компаниялар ғимараттың әр бөлігі көлеміне байланысты әр уақытта аяқталатынын айтты. «Н» және «Р» блоктары наурыз айында, ал маусым айында «Z», «О» және «Y» блоктары аяқталады деп жоспарланып отыр. Ең соңғы аяқталатын «R» блогы да маусым айында толықтай бітетіндігі айтылды.

Инвестициялар және бизнесті дамыту департаментінің мәліметінше, «Абy-Даби Плаза» жобасында 1400 адам еңбек етіп жатыр. Оның 56 пайызы Қазақстан азаматтары.

Сонымен қатар жұмыскерлердің жалақысы да уақытылы беріліп отырғандығы сөз болды.

«Жалақы туралы ешқандай арыз жоқ. Өйткені барлық жұмысшы уақытылы айлығын алыр отыр», -деді Aldar Properties PJSC жобасының вице президенті Абдел Хамит Гул.

«Абу-Даби Плаза» ғимараты офис, қонақ үй, мейрамхана, сауда орталығы және тұрғын үйден құралған.

Жоба құрылысы 2011 жылдың наурыз айында басталған болатын. 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған. «Абу-Даби Плаза» Қазақстан мен Орта Азиядағы ең биік ғимарат. Ең биік жері 78 этажда, бұл шамамен 382 метр. Жобаның жалпы аумағы 510 мың текше метр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз