Қазақстандағы жалпы жалақы… Халық сенбейтін сандар

0
83

Жыл сайын Қазақстандағы орташа жалақы туралы мәліметтер жарияланады. Сонымен қатар жыл сайын бұл сандар қарапайым халықты таңғалдырады. Ресми статистика шын мәнінде көпшіліктің табысына сай келмейтін сандарды көрсетеді. Неге бұл көрсеткіштердің айырмашылығы үлкен?

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылы Қазақстандағы орташа жалақы 340 000 теңгені құрайды. Алайда, қазақстандықтар бұл санға күмәнмен қарайды, себебі олардың табысы бұдан әлдеқайда төмен. Бұл көрсеткішке ірі компаниялардың қызметкерлердің, яғни жоғары жалақы алатындардың табысы да кіреді, сондықтан жағдайды толық көрсетпейтін сынды. Сарапшылардың бағалауынша, бұл көрсеткіш шамамен 200 000 теңгені құрауы тиіс.

Қазақстандықтар кредитсіз өмір сүру үшін қанша табыс табуы керек?

Кредитке тәуелді болмай, қалыпты өмір сүру үшін азаматтың табысы оның барлық негізгі шығындарын жабуы тиіс: тұрғын үй, тамақ, коммуналдық қызметтер, көлік, медицина, білім және демалыс. Орташа есеппен бір адамның ай сайынғы шығындары:


• Пәтер жалдау (1 бөлмелі) – 120 000 – 180 000 тг
• Коммуналдық қызметтер – 20 000 – 30 000 тг
• Азық-түлік – 80 000 – 120 000 тг
• Көлік шығындары – 10 000 – 20 000 тг
• Байланыс және интернет – 8 000 – 15 000 тг
• Киім және жеке қажеттіліктер – 30 000 – 50 000 тг
• Медицина және дәрі-дәрмек – 10 000 – 30 000 тг
• Демалыс және ойын-сауық – 20 000 – 50 000 тг


Осылайша, бір адамның кредитсіз өмір сүруіне кемінде 300 000 – 400 000 теңге қажет.
Ал егер отбасында екі жұмыс істейтін адам болса, қаржылық тұрақтылық үшін жалпы табыс 700 000 – 800 000 теңгеден кем болмауы тиіс. Бірақ шын мәнінде, көптеген азаматтардың табысы бұдан төмен, сондықтан олар несиеге жүгінуге мәжбүр.

Ал студенттердің жағдайы бөлек, оларда нақты табыс көзі жоқ, ал степендия тіпті пәтердің шығынын жаба алмайды. Бұл жағдайда университет оқушылары не істеуі қажет?

Бұл мәселені қалай шешуге болады?

Қазақстандықтардың кредитсіз өмір сүруі үшін мыналар қажет:
• Орташа емес, медианалық жалақыны арттыру, яғни көпшіліктің табысын көтеру.
• Инфляцияға жол бермеу, өйткені табыстың өсуі бағаның өсуіне алып келеді, демек қарапайым халық жалақының өскенін тіпті сезбейді.
• Қаржылық сауаттылықты арттыру, халықтың ақшаны дұрыс басқаруына көмектесу.

Қорытындылай кетсек, Қазақстандағы орташа жалақы ресми есептерде жоғары болып көрінгенімен, шын мәнінде халықтың көпшілігі үшін жеткіліксіз. Азаматтардың кредитсіз өмір сүре алуы үшін тек ресми көрсеткіштерді арттыру емес, нақты табысты ұлғайту, инфляцияны бақылау және қаржылық тұрақтылыққа жағдай жасау маңызды. Сонда ғана жалақы жай ғана сандар емес, халықтың өмір сапасын көтеретін нақты құрал болмақ.

Аида Азаматқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз