Қазақстанда зейнет жасы 67-ге көтеріле ме?

0
97
Қазақстанның қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Қазақстанда зейнетке шығу жасын 65-67 жасқа көтеру жоспарда жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.

“Ол жалған. Неге десеңіздер, журналист теріс ақпарат берді. 65-67 жасты айтқанда Еуропа мемлекеттерінің тәжірибесін мысалға келтірген едім. Бұл цифрларды тек мысал ретінде ғана келтірдім. Қазақстанда ондай жоспар жоқ. Қазір бұл мәселе талқыланбайды да”, – деді Әлихан Смайылов.

Еске салайық, қазақпараттың хабарлауынша, кейбір бұқаралақ ақпарат құралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловқа сілтеме жасай отырып, елімізде зейнетке шығу жасын 65-67 жасқа көтеру мәселесі талқыланатындығын хабарлаған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз