Қазақстанда жұмыссыз жастар саны 3,4 пайызға өсті

0
638

Қазақстанда жұмыссыз жастар саны 3,4 пайызға артқан. 15-28 жас аралығындағы жұмыс істейтін 2,1 миллион адам бар. Бұл туралы Ranking.kz  хабарлады.

Өңірлер арасында ең көп жұмыс істейтін жастар Алматы облысында тіркелген – 278,1 мың адам. Екінші орында – Алматы қаласы – 258,1 мың адам, үшінші орында – Жамбыл облысы – 199,6 мың адам.

Сонымен қатар, жұмыссыз жастардың деңгейі 3,4 пайызға (84,7 мың адам) өскен. Оның ішінде 31,4 мың адамның жоғары білімі, 4,1 мың адамның аяқталмаған жоғары білімі, 33,6 мың адамның орта кәсіптік білімі бар жастар.

Қалалық жерлерде жұмыссыздық бір жыл ішінде 4,3 пайызға дейін өскен. Ауылдық жерлерде керісінше 0,2 пайызға төмендеген.

Ең көп жұмыссыз жастар Алматы қаласы мен облысында тұрады. Бұл қатарға Түркістан облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы да кіреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз