Қазақстанда жылқы етінің импорты 50,2%-ға өсті – ҰСБ

0
161
фото: agroqogam.kz

Ұлттық статистика бюросы жылқы етінің импорты 50,2%-ға өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында 157,1 мың тонна жылқы еті өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артық.

Өндіріс көбейген сайын импорт көлемі де өсті. Мәселен, өткен жылдың 12 айында 3,6 мың тонна жылқы еті әкелінсе, 2021 жылы 2,4 мың тонна импортталған.

Осылайша, өсім 50,2 пайызды құрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз