Қорғаныс министрлігінің кадрлар және әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы Копбаев К.Р. 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін 5 жылға сотталды. Бұл туралы zakon.kz сайты хабарлады.
2019 жылдың мамыр айында сотталушы Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы “Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты” РММ-ге офицерлік қызметіне жұмысшы тағайындау үшін 200 мың теңге көлемінде пара алғаны анықталған.
Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен 5 жылға сотталып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқара алмайтын болды.
Сонымен қатар, сот Қазақстан президентінің атына сотталушыны “генерал-майор” әскери атағынан және “Құрмет” орденінен айыру туралы ұсыныс жібереді.