Қазақстандықтарға 5 айда 1,2 млрд теңге айыппұл салынды

0
255
Photo: inbusiness.kz

Биыл 1 қаңтар мен 31 мамыр аралығында карантин талаптарын бұзғаны үшін қазақстандықтарға 1,2 миллиард теңгеден астам айыппұл салынған. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары 94 788 рейд жүргізіп, 585 393 нысанды тексерген. Оның ішінде 16 мыңнан астам кәсіп иесіне карантинді бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Карантинді бұзған нысандарының басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан, Алматы облысы, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.

Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 300 іс сотқа жіберлген, 76 нысанның қызметі уақытша тоқтатылған.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9,1 мың шағын және орта бизнес иесі, 6,8 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден асады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз