Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?

0
159
Photo: total.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

Осыған дейін, “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” заңына сәйкес мемлекеттік мейрамдар сенбі немесе жексенбі күндеріне сәйкес келсе, келесі күні міндетті түрде демалыс болып саналатын. Енді бұл ереже өзгеруі мүмкін.

Сонымен қатар, қазақстандықтардың Наурыз күніне берілген бес күндік демалысы да қысқаруы мүмкін.

Бұған дейін бекітілген тәртіпке сәйкес, 21-22 наурыз күндері сенбі мен жексенбіге тура келгендіктен, қазақстандықтар 24-25 наурызда да демалатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз