Қазақстандықтар шілде айында екі мейрамға байланысты демалады. Олар:
6 шілде – Астана күні
20 шілде – Құрбан-айт мейрамының бірінші күні
Астана күні – 6 шілде, бұл мемлекеттік мереке 2021 жылы сейсенбіге келеді. Осыған орай үкімет 3 күн қатарынан демалу үшін жұмыс күнін 5 шілдеден сенбі 3 шілдеге ауыстырды.
Осылайша:
- Бес күндік жұмыс істейтіндер үшін 3 шілде жұмыс күні. Демалыс күндері 4, 5, 6 шілде болады.
- Алты күндік жұмыс істейтіндер үшін тек қана 6 шілде демалыс күні.