Қазақстаннан қандай мамандық иелері жиі шетелге көшіп кетеді?

0
57
Photo: Eurasian Research Institute

Биыл Қазақстанға 19,1 мың адам көшіп келді. Алайда елден 12,7 мың тұрғын көшіп кеткен.

Көшіп келгендердің жартысына жуығы (48,9%) Ресейден келгендер. Саны бойынша екінші және үшінші орында Өзбекстан мен Түрікменстаннан келген азаматтар тұр. Ал, Қазақстаннан кеткен азаматтардың көбі Ресейге, одан кейін Германия, АҚШ, Польша және Беларусь елдеріне жол тартқан.

15 жастан асқан және еңбекке жарамды, техникалық мамандық бойынша 2,8 мың адам, экономикалық мамандық бойынша 1,5 мың адам, педагогикалық мамандық бойынша 750 адам, медициналық мамандық бойынша 446 адам, заңгер мамандығы бойынша 421 адам сәулет-құрылыс мамандығы бойынша 296 адам, ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша 133 адам келді.

Бұл ретте елімізден техникалық мамандық бойынша 1,8 мың адам, экономикалық мамандық бойынша 871 адам, педагогикалық мамандық бойынша 638 адам, медициналық мамандық бойынша 339 адам, заңгер мамандығы бойынша 199 адам, сәулет-құрылыс мамандығы бойынша 123 адам, ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша 125 адам кеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз