Қазақстанның батысына қатынайтын бірнеше пойыз уақытша тоқтады

0
141
Photo: "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Мемлекеттік комиссия мен бас санитардың шешімі бойынша Қазақстанның батысына жүретін бірнеше жолаушылар пойызы уақытша тоқтайды. Бұл туралы “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқтаған пойыздардың тізімі:

9 шілдеден:

Алматыдан 9 шілдеден, ал Атыраудан 11 шілдеден қатынайтын № 29/30 Алматы-2 – Атырау пойызы.

10 шілдеден:

Маңғыстаудан 10 шілдеден, Нұр-Сұлтанға (Нұрлы жол) 12 шілдеден келетін/аттанатын және Маңғыстауға 14 шілдеде қайта оралатын № 37/38 Маңғыстау – Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол);

Маңғыстаудан 10 шілдеден қатынайтын, Ақтөбеге 11 шілдеден келетін/жөнелетін және Маңғыстауға 13 шілдеде баратын № 309/310 Маңғыстау – Ақтөбе;

Маңғыстаудан 10 шілдеден аттанатын, Бейнеуге 11 шілдеде баратын/аттанатын, Маңғыстауға 12 шілдеде келетін № 657/658 Маңғыстау – Бейнеу пойызы.

11 шілдеден:

Алматы-2-ден 11 шілдеден жөнелетін, Маңғыстауға 14 шілдеде келетін/аттанатын, Алматы-2 стансасына 17 шілдеде баратын № 77/78 Алматы-2 – Маңғыстау пойызы.

13 шілдеден:

13 шілдеден Маңғыстаудан аттанатын, Алматы-2 стансасынан 16 шілдеден баратын/аттанатын және 19 шілдеден Маңғыстауға баратын № 77/78 Маңғыстау – Алматы-2 пойызы.

“Бұған дейін осы пойыздарға билет сатып алған жолаушылар оны қайтарып, ақшаны толық көлемде ала алады”, – деді “Жолаушылар тасымалы” АҚ қызметінен. 

Төлемді қайтару қолма-қол және электронды түрде жүргізіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне қатысты барлық анықтамалық ақпаратты “105” нөмірі арқылы білуге болады.

Қазақстанда тағы қандай пойыздар тоқтады?

5 шілдеден карантиннің күшеюіне байланысты №321/322 Алматы – Сарыағаш пойызы уақытша жүрмейді.

1 шілдеден №19/20 Нұр-Сұлтан – Атырау, №95/96 Нұр-Сұлтан – Орал және №701/702 Нұр-Сұлтан – Алматы пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз