Желтоқсан айында қазақстандықтар екі мемлекеттік мейрамды атап өтеді. Тұңғыш президент күні және тәуелсіздік күні.
Бес күндік жұмыс аптасы бар адамдар келесі айда 11 күн демалып, 20 күн жұмыс істесе, аптада алты күн жұмыс істейтіндер жеті күн демалады.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні Сенат депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына толықтыру енгізу туралы» заң қабылданды. Осылайша 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні болып белгіленді.
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдап, тәуелсіз мемлекет атанды. «Тәуелсіздік күнін» ресми мемлекеттік мереке ретінде 1992 жылдың 16 желтоқсанынан бері тойлайды.