Қаза тапқан инспекторға «Халық қаһарманы» атағын беру ұсынылды

0
116
Мәжілістің жалпы отырысы.

Оқи отырыңыз: Ақбөкенге араша түскен инспектор қайтыс болды

23 қаңтар күні өткен Мәжілістің жалпы отырысында браконьерлер қолынан қаза тапқан орманшы Ерлан Нұрғалиевке «Халық қаһарманы» атағын беру ұсынылды.  

ҚР Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков

“2019 жылдың 13 қаңтар күні Қарағанды облысы Нұра ауданынының мемлекеттік қолдау аумағында заңсыз киік атқан браконьерқарақшылардың қолынан қорықшы Ерлан Нұрғали қаза тапты. Бұл оқиға бүкіл Қазақстан қоғамын дүр сілкіндіріп, БАҚта, әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, қызу талқылануда. Осы жағдай қоғамдағы бірнеше мәселелердің басын ашты. Ғасыр бойы сайын даламызда халқымызбен бірге өсіпөнген, төрт түлігіміздей болған асыл қазынамыздың бірі киіктерді браконьерлерден әлі күнге дейін қорғай алмай отырғанымыз қалың жұртқа жария болды. Жануарларды мүйізі үшін қынадай қырған браконьерлер тыйылмай тұр. Оған қоса соңғы жылдары орын алған табиғи апаттар, киіктердің қырылуы, Қазақстандағы киіктердің жер бетінен мүлде жойылып кетуіне ұласуы мүмкін деген қауіпке негіз болып отыр”, – деді депутат Жамбыл Ахметбеков.

Қаза тапқан инспектор Ерлан Нұрғалиев.

2018 жылы қорықшыларға шабуыл жасаудың 4 фактісі тіркелген

“Қорықшылық жұмыстың қауіпсіздігіне байланысты маман аз. Жалақысы төмен, 50-70 мың теңге көлемінде. Қарулы қарақшыларды ұстау кезінде қару қолданған қорықшылардың өзі жауапқа тартылған жағдайлар кездеседі. Қорықшылар заңмен де жеткілікті дәрежеде қорғалмаған. Оның үстіне иен далада тау мен тас арасында жүретін қорықшылардың қарумен, техникамен жарақтануы төмен. Арнайы байланыс құралдары әлсіз. Арнайы органдар арасында жүйе жолға қойылмаған. Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қазасы қордаланған мәселелердің бетін ашты. Өмірінің соңына дейін қызметіне адал болып, мемлекетке қызмет кезінде шаһид кеткен Ерланды бүкіл қоғам, жұртшылық болып жоғары мемлекеттік наградаға ұсынуда. Тіпті еріктілер ескерткіш тұрғызу үшін қаржы жинауды бастап кетті. Мәжіліс депутаттары бірауыздан Ерлан Нұрғалиевке «Халық қаһарманы» атағын беруді ұсынады», деді депутат.

Жыл басталғалы Қарағанды облысында осымен екінші рет заңсыз киік ату фактісі туралы хабарланған. Осы айдың басында Ұлытау ауданында полицей заңсыз киік аулады деген күдікпен ұсталған. Қазақстанда киік “құрып кету алдында тұрған” жануар ретінде Қызыл кітапқа енгізіліп, аулауға заңмен тыйым салынған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз