Қазақ тілі дін мен тарихи ақпараттарының ғана тілі емес

0
194

Бүгін Астанада өтіп жатқан   “қазақ интернетінде контент жасаушылардың форумы аясында қазақ тілді аудиторияның бүгінгі халі мен болашақтағы дамуы мәселелері талқыланды.

Бүгінде қазақ тілді аудиторияға қай салада сұраныс артып келеді? Қазақ тілді аудиторияның ахуалы қандай? Қазақ тілді аудиторияның контенті қаншалықты сапалы? Осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.

“Қазіргі уақытта қазақ тілді сайттардың саны мен сапасы да артып келеді. Заман талабына сай, бәсекеге бейім қазақ тілді порталдар осы қалпында жұмысын жалғастырар болса мемлекеттік тілдің мәртебесі одан әрі арта түседі”, дейді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Қазіргі таңда әдеби бағыттағы, дін және тарих бағытындағы қазақ тілді сапалы ақпараттарға сұраныс артуда. Алайда оқырманға дін мен тарих бағытындағы мәліметтерді ғана қазақ тілінде жеткізіп, қоғамға тап қазіргі уақытта керекті ақпараттарды тек орыс тілінде жеткізіп отыру деген сөз емес. Қарапайым халыққа қажетті бизнес саласы немесе ел жаңалықтары, болашаққа бағдар берер пайдалы ақпараттар, экономика немесе саяси жаңалықтарды қазақ тілді аудитория тұтынбайды деу әрине қате.

Қазақ интернеті немесе қазақ тілді ақпараттық аудитория турасында пікір білдірген саясаткер Айдос Сарым сапалы және сапасыз контент деген ұғым мүлдем қате дейді.

Мен үшін сапалы сапасыз контент деген ұғым қате. Себебі әрбір контент өзінің қызметін сапалы, жақсы деп есептейді. Қазақ баспасөзі деген тақырып бір ғасырдың немесе ары кеткенде 120 жылдың ғана әңгімесі. Қазақ баспасөзі неден пайда болды? деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Қазақ баспасөзі намыстан жаралған. Екіншіден қазақ баспасөзі қазақты құтқару мен ағарту деген ойдан туындаған. Бүгінгі күні қазақ интернеті деген тақырыпты да алып қарайық. Бұл қазақ интернетінің өзі намыстан жаралған. Пайда болғанына он жылдың көлемі болса да “Біз кімнен кембіз” деген ойдан туындаған. 

Қазақ тілді аудиторияға бүгінгі таңда ең алдымен технологияны жетік меңгеруі шарт дейді аналитика ассоциациясының президенті Сергей Ахметов.

“Қазақ аудиториясының жедел дамуы мен қатардан алыстап қалмауы үшін Google Analytics бағдарламасын жақсылап меңгерсе жетіп жатыр”

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз